Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
«Алғыс айту» күні
Алғыс айту күні елімізде айтулы маңызы зор ерекше мерекелердің бірі болып саналады. Бұл мерекеде ризашылық пен алғысқа бөленетін ғажап күн. «Жақсы сөз жарым-ырыс» деп қазақ халқы бекер айтпай астарлы оймен жеткізе білген. Сол секілді жанымыздағы адамдарға жақсы әдемі сөздер айта білсек, біз күнде алғысқа бөленетініміз сөзсіз. 1-наурыз алғыс күнінде өзіміздің жасақталған шығармашылық тобымызбен қала халқы көп шоғырланатын орын вокзал алаңына барып, сол жақтағы адамдарға тәтті конфеттерімізді жылы жүзбен таратып отырдық. Суретке түсіп,сұхбатта алып үлгердік.Акциямызға қала тұрғындары белсене қатысты. Алғыс күніне орай студенттеріміз алдыңғы жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Анаға хат» акциясында аналарына сағыныштары мен махаббаттарын жеткізіп, хат жолдады. Коледжімізде бұл аталған акциялар жылда жалғасын тауып отырады.
Педагог-психолог: Қ.М.Музиева
Алғыс күні
Елбасымыздың жарлығымен 1 – Наурыз Алғыс айту мерекесі болып бекітілген болатын. Бұл мереке айтулы мерекелеріміздің бірі – айналаңдағы барша жанға алғыс айтып, ризашылығыңды білдіресің. Біздің оқу ордамызда бұл мерекені өте жақсы тойлады. Біз алғыс айтуды өзіміздің ардагер ұстаздарымыздан бастадық. Қаншама жыл қиын кезеңде жұмыс жасап, оқу ордамыздың дамуына үлесін қосқан ардагерлерімізге алғысымыз шексіз. Осы жолы қарттарымызға арнап, облыстық филормонияның «Достық сазы» атты оркестрін шақырып, жоғары деңгейдегі концерттік бағдарламаны ұсындық. Ардагерлеріміз қуаныштан көздеріне жас алып, шексіз алғыстарын білдірді. Өскелең жас ұрпаққа бұдан асқан сый – құрмет жоқ деп білеміз.
Журналист: А.Н Дастан
«Бауырсақ пати» акциясы
Мақсаты: Колледж студенттеріне ыстық бауырсақтан дәм татқызып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, жағымды ахуал қалыптастыру.
Алғаш рет колледжімізде «Бауырсақ пати» акциясы жүргізілді. Акциямызға бәрі белсене қатысты. Ыстықтай бауырсағымызды белсенді студенттеріміз жылы шыраймен студенттерімізге, оқытушыларға таратып отырды. Дәмді бауырсақтан ауыз тигендер өздерінің тілек-лебіздерін стикерге жазып, сурет салып алған әсерлерін бөлісті. Басым көпшілгі акциямызды қолдады. Жылда «Бауырсақ пати» акциясы колледжімізде жалғасын тауып, дәстүрлі іс-шарамыз ретінде жүргізіліп отыратын болады.
Педагог-психолог: Қ.М.Музиева
Жастарға бағыт бағдар.
Ақтөбе қалалық техникалық және кәсіптік оқу орындарындағы жастармен Қазақстан Республикалық Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, құқық бұзушылықты, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп ақпараттау мақсатында 08.02.2017ж күні колледжіміздің мәжіліс залында кездесу өтті. Кездесуге Облыстық жастар ресурстық орталығының бас маманы – Есетова Айгүл Салимгереевна, «Арасан - Ақтөбе» ЖШС – нің бөлім басшысы – Айтқұлова Алмагүл және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы – Төлеубай Әлібек Серажадинұлы қатысты. Кездесу барысында мамандар жастарға керекті ақпараттарды беріп, жастар көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Жастарға бағыт бағдар беретін аталмыш кездесулердің маңызы өте зор.
Журналист: А.Н. Дастан
Оқу орны мен мектептер арасындағы берік байланыс
Жастар ісі жөніндегі комитетінің және оқу орнымыздың дене шынықтыру бірлегінің ұйымдастыруымен 31.01.2017ж күні колледж спорт залында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарысқа қаламыздың №5, №15, №13, №29 мектеп командалары қатысты. Жарысты ұйымдастырудағы басты мақсаттардың бірі бұл – оқушылардың мектептен, сыныптан тыс уақытын тиімді өткізіге атсалысу және кәсіптік бағдар беру бағытында оқушыларға колледжімізді кеңінен таныстыру. Сонымен қатар бұл жарыс еліміздегі өтіп жатқан айтулы шаралардың бірі 28 – ші бүкіләлемдік универсиада ойындарының құрметіне өткізілді. Ашылу салтанатында колледж студенттері оқушыларға универсиада ойындарына арналған әнге арнайы ұйымдастырылған флешмоб көрсетіп, колледжіміздің өнерлі жастары өнерлерін ортаға салды.
Журналист: А.Н Дастан
«Жастар арасында АҚТҚ-ның жұқпасын алдын алу»
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі және Ақтөбе қаласының Қызыл ай қоғамымен бірлесе ұйымдастырылған жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Жастар арасында АҚТҚ-ның жұқпасын алдын алу» тақырыбында колледж конференц залында ақпараттық сессия өткізілді. Ақпараттық сессияға қатысқан Ольга Ким - Америкалық Қызыл Крест үйлестірушісі және Николет Пругсаматц Тайланд қаласыннан келген бағдарлама маманы қатысты. Түсіндіру жұмысы барысында түрлі бейнероликтер мен слайдтар көрсетіліп, парақшалар таратылды. Студенттер сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Сұхбат барысында Тайландтық мамандар өз біліктіліктерін жоғары көрсетіп, студенттерге жан-жақты ақпараттар берді.
Шатай Ф.Т.
«Нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын – алу»
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі және қалалық ішкі саясат бөлімімен бірігіп жастар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын – алу» тақырыбында 20.01.2017ж күні колледж мәжіліс залында кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Асқаров Асхат – нашақорлыққа қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы, Төлеуов Қайрат Аманғосұлы – қалалық мәслихат депутаты, Пусырманов Нұрғиса Серікұлы – қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары, Алпысбаев Ислам Советұлы - қалалық ішкі саясат бөлімі бас маманы қатысты.Кездесу барысында түрлі бейнероликтер көрсетіліп, кітапшалар таратылды. Студенттер сұрақтарын қойып, керекті барлық мәліметтерді алды.
Журналист А.Н. Дастан
В период с 25 по 30 октября в Акмолинской области городе Щучинск на Спортивной базе Центрального спортивного клуба армии МО РК прошел военно патриатический лагерь «Жигер», в которм приняли участия и студенты Актюбинского колледжа транспорта, коммуникаций и новых технологий.
Основная цель проведения данного слета студентов сформировать у молодежи идеи служения Отечеству и его защите, развитие гражданственности, патриотизма, формирование профессионально значимых качеств, умений и готовности к их активному проявлению в различных сферах жизни общества.
Были проведены мероприятия по военной подготовке молодежи, а также соревнований по военно-прикладным видам спорта и организации военно-полевых игр и эстафет. Кроме этого, для участников лагеря были организованы семинары и дискуссии, интересных досуговые и спортивные мероприятия под эгидой 25-летия Независимости РК. За активное участие студенты колледжа были удостоены сертификатами и награждены дипломами.
Заместитель директора
по воспитательной работе
Абельпеисова Б.Х.
Ақтөбе қалалық мәдениет бөлімі және тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Алтын дауыс-2016» атты қалалық жастар шығармашылығы байқауы өтті. Байқауға 18 колледж бен қала мектептерінен өнерпаздар қатысты. Біздің колледжден Абдыканиева Ақерке Э-22 тобы, Жақсымбаева Гүлім Э-12 тобының студенттері қатысты. Студенттеріміз іріктеу кезеңінен өтіп, ақтық кезеңге жолдама алды. Ақтық кезеңде 2 ән шырқады. «Қазақ елі осындай» әнін акапелла түрінде, «Туған ел» әнін минусковкаға қосылып дуэт болып айтты. Байқаудың қорытындысы бойынша студенттеріміз қала әкімі атынан мақтау қағазға және бес мың теңгелік сертификатқа ие болды.
Абдуалиев Н.Т.
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий