Достығы жарасқан жастар

Достығы жарасқан жастар

«1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлгі» мерекесіне орай «жастар ісі жөніндегі комитетінің» көңілді тапқыштар клубының белсенді жастары колледж мәжіліс залында «Достығы жарасқан жастар» атты мерекелік шарасын ұйымдастырды. Мерекелік шараның ерекшілігі жастар өздерінің сахнадағы достарын шақырып достықтарын ұштастыруында. Мерекелік кештің қонақтары Ақтөбе қаласының жайдарманшы мақтаныштары болды. Соның ішінде, Ақтөбе қаласының жоғарғы лиға чемпиондары, Ақтөбе қаласының мақтаныштары, құрамына тек өнерлі әрі сері жігіттер жиналған Ақтөбе-АЭСА жайдарман тобы, С. Бәйішев атындағы университет жанындағы колледждің командасы, көрерменнің сүйікті командаларының бірегейі «Іске сәт» жайдарман тобы және колледжіміздің қонақтары «Алау» жайдарман тобы өнер көрсетті.

Осылайша өнегелі жастар өздерінің достықтарын барша көрермен алдында мерекелік концерттерімен көрсете білді.

 

 

 

 

Журналист: Дастан Ақерке

 

Ардагерлерге құрмет – бізге берілген міндет

Ардагерлерге құрмет – бізге берілген міндет

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы колледж ардагерлеріне арнап мерекелік концерт пен мерекелік дастархан ұйымдастырды.

Ардагерлеріміздің ерен еңбектерінің арқасында бүгінгі жұмыс жанданып, шың биіктерге жетіп келеміз. Аянбай еңбек етіп, осы күнге жеткізген біздің ардагерлеріміз өздерінің алғыстарын білдіріп жатты. Өткен күннің еншісінде кеткен қиыншылықтары мен қуанышты сәттерін айтып, өз ойларымен бөлісті.

Міне осылайша Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің әкімшлігі мен кәсіподақ ұйымы ардагерлерге құрмет әр күн сайын арта бермек екенін тағыда бір дәлелдеп берді.

 

 

 

 

Журналист: Дастан Ақерке

 

 

Қазақстан – береке бірліктің отаны

Қазақстан – береке бірліктің отаны

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің «жастар ісі жөніндегі комитетінің» ұйымдастыруымен «1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі» мерекесіне «Татулығы жарасқан ұлттар достығы» атты бөлімаралық сайысын ұйымдастырды. Қазақстанды мекен еткен ұлттартың татулығын ашып көрсету мақсатындағы ұйымдастырылған сайыс жоғарғы дәрежеде өтті.

Сайыстың қазылар алқасының қатарында:

   Хамзина Гүлстан Гимрановна- Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері

Молдажанова Мәншүк Дәулетбайқызы – қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, және облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың қызметкері Динара ханым төрелік жасады.

Сайыс барысында қазақ ұлты, өзбек ұлты, неміс ұлты, ұйғыр ұлты және татар ұлттарының салт–дәстүрлерін, ұлттық өнерлерін ашып көрсетті. Әрбір ұлттың өзіндік киім үлгілерін дүйім көрерменге паш етіп, біз білмеген жаңалықтарын айта кетті.

Мінекей өнегелі жастар өздерінің өнерлерін осындай сында сынап көрді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Журналист: Дастан Ақерке

 

Елбасы жолдауы- Қазақ елінің ұлттық идеясы»

Елбасы жолдауы- Қазақ елінің ұлттық идеясы»

«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасымыз Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған жолдауын және жолдауда айтылған «Мәңгілік ел» идеясын колледж ұжымына кеңінен түсіндіру және насихаттау мақсатында «Елбасы жолдауы –Қазақ елінің ұлттық идеясы» атты алқалы жиынға өткізілді.

Жиынды ұйымдастырушылар     Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы бойынша Әлия Мәншүк атындағы «Қос шынар» қоғамдық бірлестігі және Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі.

Колледж оқытушылары мен студенттері баяндамалар жасап, өздерінің пікілерімен бөлісті. Жалынды жас ұрпақтың жалынды сөздеріне риза болған аға буын өкілдері өздерінің алғыстары мен лебіздерін білдіріп, келер болашақтың жас ұрпақ еншісінде екеннін баса айта кетті.

 

 

 

Журналист: Дастан Ақерке

 

Колледж мақтаныштарының абыройы арта бермек күн санап!

Колледж мақтаныштарының абыройы арта бермек күн санап!

 

Колледжіміздің «Шұғыла» би тобы жақында ғана «Черлидер - 2014» би байқауынан жүлделі 2 орынды қанжығаларына байлады. Тындырымды еңбектерінің арқасында нәтижелі жеңістерін көрсетті. Колледж мерейін асқақтатар коллед мақтаныштары бұл біздің жұмыла жасаған еңбегіміздің арқасы деп пікір алмасты.

 

 

Журналист:  Дастан Ақерке

 

«Ұлыстың Ұлы күні Наурыз»

«Ұлыстың Ұлы күні Наурыз»

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің белсенді жастары Наурыз мерекесін тойлауды ерте бастады.

21.03.2014ж күні сағат:12-00 де қаламыздағы «Ретро саябағында» ал, 22.03.2014ж күні сағат: 13-00 де «Мега ойын сауық кешенің» сахнасында қала тұрғындарына, қала қонақтарына арнап мерекелік бағдарламасын көрсетті.

 

 

Мерекелік көрініс арқылы жастар ата-бабаларымыздан қалған ежелгі жарапазан айту салтын қайта жаңғыртып көрерменге паш етті. Жас жігіттеріміз сайгүліктерін желдіртіп, қолдарына домбыраны алып, алыстан жарапазанды әндете айтып келді. Ал ауыл ақсақалдары ер жігіттерді қарсы алып, наурыз дәмнен дәм татқызып сыйларын қанжығаға байлады.

 

 

Дүйім көрерменмен қазақтың ұлттық ойындарын бірге ұйымдастырды. Көрермендерімізде ұлттық ойындарымызды сағынып қалған секілді. Жігіттеріміз арқан тартысып, бозбалалар асық ойынын иіріп тұрып ойнай жөнелді.

 

Мерекелік бағдарламаның барлығы тек Ұлы Наурыз мерекесіне ғана арналды. Жастарымыз бұл күні қала тұрғындарына тамаша мерекелік көңіл күй сыйлағаны көрермендердің ыстық шапалақтарынан-ақ білініп тұрды.

Журналист Дастан Ақерке

 

«Жігіт сұлтаны-2014»

«Жігіт сұлтаны-2014»

Қазақ жігітінің қашанда өжет, мәрт, намысшыл жігіт екендігін барлық әлем мойындаған. Ат үстінде мызғымастан шауып, ел қорғаудан жалықпаған жігіттеріміз қай заманнан бері төрден орын алып келеді.

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің «жастар ісі жөніндегі комитетінің» ұйымдастыруымен 21.02.2014ж күні «Жігіт сұлтаны - 2014» байқауы өткізілді. Жігіттеріміз өздерінің өжеттілігін тағыда бір дәлелдеп бұл сайыс нағыз мықтылардың сайысы. Сайысқа қатысушы жігіттеріміздің барлығы нағыз ер жігітке сай намысшылдық көрсетті. Нағыз сегіз қырлы бір сырлы жігіттеріміз өнерденде құр алақан емес екендігін көрсетті.

Жігіттер байқауынының қазылар алқасыда осал болмады. Нәтижесінде байқауда өзінің алғырлығы мен ақылдылығымен және сонымен қатар шапшаңдығымен жеңіске колледжіміздің 1 курс студенті Жолдығали Әділет жетті.

 

 

 

 

Осындай елімізді қорғап, көк туымызды биікке көтерер мәрт жігіттеріміз көп болғай.

 

Журналист Дастан Ақерке

Үлкенге құрмет кішіге міндет

Үлкенге құрмет кішіге міндет

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің жастары облысымыздағы көмекке зәру болып отырған ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге көмек беріп келеді. Тағдырдың талай қилы қиын жолынан өмір кешкен ата – әжелеріміздің ауласының қарын тазартып, қоқыстарын таратып қол көмектерін аямады. Өсер елдің ұрпағы болған бұл жастарға лайықты іс. Білім мен қатар еңбекті қолға алған жастар қауымы тек жақсы істерді ғана бастамаға алмақ. Жастардың көмектеріне дән риза болған ата-әжелеріміз ризашылықтарын сөзбен жеткізе алмады. Бұған куә студенттер өздеріне бұдан бақыт жоқ екендіктерін айтып, пікір бөлісіп жатты. Мінекей колледж жастары үлкенге құрмет, кішіге міндет екенін тағыда бір мәрте көрсетті.

 

 

 

Журналист: Дастан Ақерке

Салауатты өмір салтын ұран еткен жастар!

Салауатты өмір салтын ұран еткен жастар!

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студенттері 22 ші қысқы Сочи олимпиадасының өткізілуіне орай колледжде спартакиада ұйымдастырды. Студенттердің белсенділігін, салауатты өмір салтын қалыптастыруда мұндай жарыстардың алар орны өте жоғары. Еліміздің биікке шығып, әнұранымыздың көкте шырқалғанын қалайтын жастар қауымы осы спартакианыда осыған сай ұйымдастырғандарын айтып өз ойларымен бөлісіп жатты. Денсаулықты сақтап, жаман әдеттерден аулақ болатын, ел үмітін еселейтін жастарымыздың бейнесі міне осындай болмақ.

 

 

 

Журналист: Дастан Ақерке   

 

Страница 10 из 12