Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
Акция: «Скажи да здоровому образу жизни!»
Акция «Скажи да здоровому образу жизни!» прошла в Актюбинском колледже транспорта, коммуникаций и новых технологий в рамках областного «Фестиваля здоровья - 2015», целью данного мероприятия было повышение информированности студенческой молодежи по вопросам ведения здорового образа жизни, популяризации массового спорта, отказа от вредных привычек и солидарной ответственности за свое здоровье, в рамках реализации Плана мероприятий Государственной программы «Саламатты Қазақстан» на 2011-2015 годы.
Мероприятие началось с утренней гимнастики. Затем состоялся забег «Президентская миля», в котором приняли участие преподаватели и студенты колледжа.
Все желающие смогли послушать лекции о здоровом питании, эффективности, защите от стресса
26 сентября студенты Актюбинского колледжа транспорта, коммуникаций и новых технологий участвовали в общегородском субботнике. В котором приняли участие 100 студентов колледжа. За несколько часов работы удалось собрать более 20000 кг мусора , ликвидировано 15 стихийных свалок, обрезаны и побелить около 200 деревьев.
За студентами колледжа были закреплены: Илекская канава, территория района авиагородок, 24 и район гаражей, ул. 8 марта от дома № 28 А до ЖД вокзала (территория между парком «Ретро» и жилыми домами), район насосной станции «Угольник», Сквер им. Ж. Кереева.
Елбасымен бірге – Ел сенімін еселейміз!
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне тағы да биікті белестер ат басын тіреді.
Оқу ордамыздың басшысы Жеңісгүл Сағидоллақызы, «Әлеуметтік пәндер» бірлестігінің оқытушысы Қаумешов Бекзат Болатұлы және жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Дастан Ақерке Нағашбекқызы сонымен қатар колледжіміздің 3 курс студенті Наукенов Абай Қазақстан Республикасының Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.




«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақстан - 2050» стратегиясында белгіленген ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын одан әрі ұтымды жүзеге асыруға арналған бағытты қолдауымыз одан әрі арта бермек.
Әр дайым осындай табысты, жемісті күндеріміз көп болғай.
Автор: Дастан А.Н.
Гүл шоқтарын қою рәсімі
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа тхнологиялар колледжінің оқытушылары мен студенттері 09.05.2015 ж күні батыр бабаларымыздың рухына арнап гүл шоқтарын қою салтанатты рәсіміне қатысты.

Ұлы Отан соғысында құрбан болғандар мәңгілік жүрегімізде! Арайлап атқан әрбір таңымыз бейбіт болсын! Сәбилеріміз бен аналарымыз, елін, жерін қорғайтын айбынды азаматтарымыз аман болсын!

Журналист: Дастан А.Н
Әлия - қайсар қызы қазақтың
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде Кеңес Одағының батыры Алия Молдағұлованың 90 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Алия Молдағұлованың мүсіні ашылды. Шараның мақсаты жастарымызға батыр апамыздың ерлігінің мәңгілік екенін жеткізу. Бұл шараға колледж директоры, Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары және Алия Молдағұлованың туыстары сонымен қатар колледж студенттері қатысты. Ашылу салтанатында колледж директоры сөз бастап, жастарға Ұлы Жеңістің оңайлықпен келмегенін, қыршындай жастардың майдан алаңына Отан үшін аттанғандарын айтып, жас ұрпаққа бұл Жеңістің қандай қымбат екендігін айта кетті.


Алия Молдағұловаға арналған ұмытылмас әндердің бірі – Әлия әні орындалып, студенттер өз шығармашылықтарын арнады.
Журналист: Дастан А.Н
«Ер есімі – ел есінде»
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет белсенділері 09.05.2015 ж күні Мега ойын сауық орталығы сахнасында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай мерекелік бағдарлама көрсетті. Ақтөбеліктер және қала қонақтары мерекелік бағдарлама барысында соғыс жылдарындағы әндерден ән шашу тыңдап бір сергіп қалғандарын жеткізіп жатты. Белсенді жастар бар өнерлерін ортаға салып, Жеңіс рухының қандай биік екендігін көрсетті.


Әркез тыныш, бас аманда, тыныштық заманда,бейбіт өмірде қуанышты көңілде кездесе берейік!
Журналист: Дастан А.Н
«Қазақстан – бірліктің қайнары»
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – бірліктің қайнары» атты бөлім аралық байқауын ұйымдастырды.
Бұл бай ауды ұйымдастырудағы ең алғашқы мақсат, ол Қазақстанды мекен еткен ұлттардың татулығын ашып көрсету. Бір үйдің баласындай қ бір шаңырақ астына жиналған ұлттардың бейнесін, салт-дәстүрін дүйім көрерменге паш ету. Ал байқаудың шарты-әр бөлім жеребе бойынша таңдалған ұлттардың салт-дәстүрін, өнерін, мәдениетін көрсетеді.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Ынтымақ, бірлік, келісім-ең асыл іс ел үшін! Бұл Қазақстан елінің азаттық алғалы бергі ұраны. Ал 2015 жыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялады.
Ұйымдастырылған байқауға студент жастар белсенді түрде қатысып, түрлі өкілдерінің салт-дәстүрлерімен таныс болды.



Журналист: Дастан А.Н
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий