«Қардағы арт-терапия» әдісі

«Қардағы арт-терапия» әдісі

       Мақсаты: Кеңістікте студенттерді сырттай бақылау, жағымды көтеріңкі көңіл-күй орнату.

«Қардағы арт-терапия» әдісінде студенттерімізге конкурс ұйымдастырдық.Топқа бөлініп, топпен жұмыс жасады. Әр топқа түрлі тапсырмалар берілді. Қарға бояумен сурет салып, әр топ өз өнерлерін ортаға салып, бір-бірінен қалыспай бәйгеге түсті. «Шынықсаң шымыр боласың» демекші бір сәт таулы турбазада шаңғы теуіп, бойларын жазды. Әр топ қатысушылары өздерінің орындаған жұмыстарын қорғап шықты. Шығармашылық өнерлерін көрсетіп әрі демалыпта керемет әсер алып шыққан студенттерімізге барлығы ұнады. Озық шыққан және қалған топтар марапатталады.

                     Педагог-психолог: Қ.М.Музиева

DSC 0308  

 

 

Қарты бардың қазынасы бар

Қарты бардың қазынасы бар

     Мақсаты: Студенттеріміздің бойына үлкенді сыйлау, қарттарымызға құрмет көрсетіп, жүректеріне мейірім мен жылулық орнату.

   Қаламыздағы қарттар үйіне шығармашылық тобымызбен мерекелік іс-шарамызды жүргіздік. Студенттеріміздің ақсақалды аталарымыз бен ақжаулықты әжелерімізге ән айтып, би билеп, жүрекжарды өлеңдерін оқи отырып, шағын қойылым да орындап шықты. Аяулы қарттарымызды ортаға алып әдемі әннің ырғағына билетіп, жүректеріне мейірім нұрын ұялатуға тырыстық.Мерекелік концертіміз жоғары деңгейде өтті. Кеш соңында өзіміздің тарапымыздан қарттарымызға сыйлықтарымызды ұсындық.

                                                                                                                                              Педагог-психолог: Қ.М.Музиева

DSC 1966  

 

Колледж аруы 2017

Колледж аруы – 2017

   «8 – наурыз Халықаралық әйелдер» мерекесіне орай жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Колледж аруы - 2017» сән байқауы өтті. Байқауға колледжіміздің 8 ару қызы қатысты. Байқау барысында аруларымыз түрлі сынға түсіп, бақтарын сынады. Нәтижесінде барлық сыннан мүдірмей колледж аруы – 2017 атағына колледжіміздің автоматика және ақпараттық жүйелер бөлімінің 2 курс студенті Құмарова Әсемгүл ие болса, жастар ісі жөніндегі комитет аруы атағына Құрақбаева Әсем ие болды. Барлық қатысушыларымыз колледж директорының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Байқаудың қазылар алқасының қатарына қаламызға танымал «Eleven» фото – видео студиясы директоры, «Подиум» модельдік агенттігінің директоры, «Коркемлук» дүкені және «Мир платьев» дүкенінің басшылары қазылық етті. Қазылар алқасы қатысушыларға түрлі сертификаттар ұсынса, «Мир платьев» сән үйінің басшысы байқаудың кешкі сән үлгілері кезеңіне демеушілік жасады. Байқау қызықты әрі тартысты өтті.

 Журналист: А.Н Дастан

  DSC 0298 - копия

           

             

Арулар – асыл жандар

«Арулар – асыл жандар»

    «Тасымалды ұйымдастыру қозғалысты басқару» бөлімінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Арулар – асыл жандар» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырушылар бөлім оқытушылары Нұртазина А.Т., Абибуллина С.Б., Ембергенова Д.А. және бөлім студенттері. Мереке көңілді өтті.

IMG-20170306-WA0009 

 

 

 

Қанат берген арманға сен – Анашым!

«Автоматика және ақпараттық жүйелер» бөлімі

28- ақпан күні «Автоматика және ақпараттық жүйелер» бөлімінің ұйымдастыруымен 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған «Қанат берген арманға сен – Анашым!» атты мерекелік кеш өтті. Кеште бөлімнің жігіттері аяулы аналарымыз бен сұлу қыздарымыздың арнап әндер айтып, өлең жырларын оқыды. «Анамның иісі» атты көрініс қойылды. Асыл ұстаздарымыз бен нәзік жанды сұлуларымыз керемет әсерде болды.

 

 

 

Графикалық сауаттылықты дамытамыз

«Графикалық сауаттылықты дамытамыз...»

23 ақпанда Куспанова Сауле Ұмбетқалиқызының ұымдастырылуымен Компас 3D «Графикалық сауаттылықты дамытамыз...» атты интелектуалды олимпиада өтті. Студенттердің өздігінен білім алып,графикалық білімдерін жаңа ситуацияларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды,ой-өрісін кеңейту, автоматтандырылған жобалау жүйесі Компас 3D бағдарламасында өз бетімен жұмыс жасауға, ізденуге, автоматты жобалау жүйелерін тәжірибеде қолдана білуге машықтанғандықтары көрініп тұрды.

Келесі номинациялар бойынша студенттер марапатталды:

«Компас-График» номинациясы бойынша Э-22 топ студенті Булатов Диас 1 орын, Ақылбекова Баян (Э-26тобы)2 орын, Қамбаров Мақсат (Т-24 тобы) 3 орын.

«Үш өлшемді модельдеу» номинациясы бойынша Калдарбаев Талғат (Т-24 тобы)1 орын, Балмагамбетов Мади (Э-25 тобы) 2 орын, Жомартов Алмасбек (Э-22 тобы) 3 орынмен марапатталды.

 

 

 

 

«Төлеген Айбергенов- Ұлттық рухтың бұлбұлы»

«Төлеген Айбергенов- Ұлттық рухтың бұлбұлы»

 

Қазак халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі, Қазақстан комсомолы сыйлығының иегері, ақын Тәлеген Айбергеновтыңтуғанына 80 жыл толуына байланысты «Төлеген Айбергенов- Ұлттық рухтың бұлбұлы» атты әдеби-сазды кеш2017 жылдың 27 ақпан айында колледждің мәжіліс залында өткізілді.

     Кештін мақсаты, ақынның өмір жолы мен асыл мұраларын оқырман қауымға таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

 

 

 

 

Алғыс айту күні

«Алғыс айту» күні

       Алғыс айту күні елімізде айтулы маңызы зор ерекше мерекелердің бірі болып саналады. Бұл мерекеде ризашылық пен алғысқа бөленетін ғажап күн. «Жақсы сөз жарым-ырыс» деп қазақ халқы бекер айтпай астарлы оймен жеткізе білген. Сол секілді жанымыздағы адамдарға жақсы әдемі сөздер айта білсек, біз күнде алғысқа бөленетініміз сөзсіз. 1-наурыз алғыс күнінде өзіміздің жасақталған шығармашылық тобымызбен қала халқы көп шоғырланатын орын вокзал алаңына барып, сол жақтағы адамдарға тәтті конфеттерімізді жылы жүзбен таратып отырдық. Суретке түсіп,сұхбатта алып үлгердік.Акциямызға қала тұрғындары белсене қатысты. Алғыс күніне орай студенттеріміз алдыңғы жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Анаға хат» акциясында аналарына сағыныштары мен махаббаттарын жеткізіп, хат жолдады. Коледжімізде бұл аталған акциялар жылда жалғасын тауып отырады.

Педагог-психолог: Қ.М.Музиева

          

           

Алғыс күні

Алғыс күні

     Елбасымыздың жарлығымен 1 – Наурыз Алғыс айту мерекесі болып бекітілген болатын. Бұл мереке айтулы мерекелеріміздің бірі – айналаңдағы барша жанға алғыс айтып, ризашылығыңды білдіресің. Біздің оқу ордамызда бұл мерекені өте жақсы тойлады. Біз алғыс айтуды өзіміздің ардагер ұстаздарымыздан бастадық. Қаншама жыл қиын кезеңде жұмыс жасап, оқу ордамыздың дамуына үлесін қосқан ардагерлерімізге алғысымыз шексіз. Осы жолы қарттарымызға арнап, облыстық филормонияның «Достық сазы» атты оркестрін шақырып, жоғары деңгейдегі концерттік бағдарламаны ұсындық. Ардагерлеріміз қуаныштан көздеріне жас алып, шексіз алғыстарын білдірді. Өскелең жас ұрпаққа бұдан асқан сый – құрмет жоқ деп білеміз.

Журналист: А.Н Дастан

 

 

 

Еще статьи...

  1. «Бауырсақ пати» акциясы
  2. Жастарға бағыт бағдар
  3. Оқу орны мен мектептер арасындағы берік байланыс
  4. Жастар арасында АҚТҚ-ның жұқпасын алдын алу

Страница 3 из 12