Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
Тұғырыма Ту тіккен - Тәуелсіздік
Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Халық басына осындай қиын – қыстау заман зары туған шақта, бас көтерген ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды. Сондықтанда біз үшін – Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Осы орайда Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі түрлі шаралар өткізуде. Солардың бірегейі 15.12.16 күні колледж мәжіліс залында өткізілген «Тұғырыма Ту тіккен - Тәуелсіздік» атты салтанатты шараасын. Шара барысында түрлі бейне баяндар, Тәуелсіздікті жырға қосқан жастардың әуендері шырқалды. Сонымен қатар түрлі оқытушыларымыздың еңбектері марапатталды.
Журналист: А.Н Дастан
Арт – Фестиваль – 2016
Ақтөбе облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 25- жылдық мерекесіне орай облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен сансыз шара өтуде. Соның бірі кәсіби- техникалық оқу орындары арасында студенттердің білімін, өнермен ұштастырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында, өн бойына адамгершілік, патриоттық, рухани қасиеттерді қалыптастыру үшін «ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – ЖАСТАР ОНЫҢ ЖҮРЕГІ!!!» атты Арт фестиваль ұйымдастырылған болатын. Арт фестивальға облысымыздың барлық оқу орындары қатысты. Әр бір номинациялар бойынша жүлдегерлерде өз марапатарына ие болды. Соның ішінде біз, Ақтөбе көлік, коммуникация колледжіде жүлдеден құр болмады, фестивальдың бірнеше бағыттары бойынша жүлдегер болуда, яғни,
- «Ерекше режиссер»
- «Үздік топтық жұмыс»
- «Ерекше шеберлік»
- «Сырлы әлем» және
- «Мамандығым - Мақтанышым» номинациялары жүлдегерлері және арнайы сертификат иегерлері атанды.
Журналист: А.Н Дастан
Колледж оқушыларын сақтандырды
Ақтөбе стансасы Ішкі істер желілік басқармасының ювеналды полиция тобының және Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі ювеналді полиция тобының өкілдері Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі оқушыларымен кездесті. Алқалы жиынға келген полиция майоры Л.Құрманбекова, полиция майоры А.Ержанова, полиция капитаны Л. Амантаева, полиция капитаны Т.Б. Хамзин осы жылдың 1-7 қараша және 8-11 қараша аралығында болатын облыстық «Жасөспірім» шұғыл-профилактикалық іс-шарасы, және әкімшілік құқықбұзушылық баптары жөнінде айтып, оқушыларды кешкі уақытта беймезгіл жалғыз жүрмеуге, темір жолдан тек арнай өтуге болатын жерлермен жүруге қазіргі қоғамымызды жастар арасында болып жаткан түрлі жат әдеттерден заң бұзушылықтардан аулақ болуға шақырды. Жазадан ешкімнің құтылмайтынына сендірді. Әсіресе оқушылардың маңғыстау пойызына түнгі сағат 00.00 уақытта бірін-бірі шығарып салуға шығып келеңсіз жағдайларға душар болып жатқандығын, темір жол вокзалындағы тегін wi-fi желісін пайдалану үшін жиналатын жасөспірімдердің мәселеріне де тоқталды. Жиынға қатысқан оқушылар тәртіп бұзған жағдайда қандай көлемде айыпұл салынып, қандай жаза кесілетіні жөнінде сұрақтар қойып ойларымен бөлісті.
Қаумешов Бекзат
Шатай Фариза
Жас талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау.
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінде жаңадан қабылданған жас талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау салтанатты кеші өтті. Кеш барысында жас талапкерлерді колледж басшысы, облыстық маслихат депутаты, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Мухамбетпаизова Жеңісгүл Сағидоллақызы құттықтап, сынақ кітапшаларын табыстады. Салтанатты шараға колледждің әлеуметтік серіктестері, ата – аналар құттықтау лебіздерін арнап, барлық студенттерге сәттілік тіледі. Салтанатты шара жастар ісі жөніндегі комитеті өнерпаздарының дайындаған арнайы мерекелік шарасымен жалғасты.
Журналист: Дастан А.Н
«Домбыра - Pati»
04.11.16ж күні Мега ойын – сауық кешенінде облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Домбыра - Pati» өтті. Ақтөбе музыкалық колледжінің жастары қолдарына ұлттық аспабымызды қолдарына алып, күй шерткенде барша дүйімді жұртты тамсандырмай қоймады. Колледжіміздің жастары патриоттық әндерден құралған флешмобты тарту етті. Жастардың басы қосылған, ұлттығымызды ұлықтайтын әдемі жиын болды.
Журналист: Дастан А.Н
Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Жас Талант - 2016» дарындылар байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – жаңадан қабылданған студенттер арасында әншілерді, жас бишілерді, үздік жүргізушілерді және күйшілік өнерді меңгерген жастарды іріктеу. Байқау барысында қатысушылар түрлі халық әндерін, түрлі күйлерді ортаға салды. Байқауды қаламызға танымал қазылар алқасы саралады. Қазылар алқасының құрамында «Қазақстан Ақтөбе» телекомпаниясының, «Қайырлы таң Ақтөбе», «ЖасStar» секілді түрлі бағдарламалардың тележүргізушісі Дархан Рақымжан, Республикамызға танымал «Айгөлек» би ұжының хореогроф - балетмеистері Ардақ Азбергенқызы, Қаламызға белгілі жас әнші, бірнеше хит әндердің орындаушысы Арман Жиеналиев, Күйші, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе Музыкалық колледжінің оқытушысы Талап Еділханұлы,Қалалық мәдинет басқармасының маманы, Фариза Шарападинқызы.
Байқау тартысты әрі қызықты өтті.
Журналист Дастан А.Н.
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде 25 қазан күні «Кәсіптік бағдар беру » бағыты бойынша оқу тәжірибе шеберханасында « Ашық есік » күні болды. Қаламыздағы № 50 мектеп пен № 37 қазақ орта мектептерінен 40 – қа жуық оқушылар келіп, шеберхана жұмысымен танысты.
Колледж оқытушылары мен оқушыларына діндегі мәселелерді түсіндіру пікірлесу мақсатында ұйымдастырылған кездесулер
Айнұр Әбдірәсілқызы, ҚР МСМ Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығының директоры.
Алматы қаласы «НұрМүбәрәк» университетінің докторанты, аға оқытушы – Сейдманов Оралхан Рахмадбекұлы
Атырау облыстық прокуратурасының эсктремизм мен терроризмге қарсы іс – қимыл саласындағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы – Нұрғалиев Аслан Қанатұлы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министірлігі мемлекеттік қызмет істері департаментінің сараптау және бағалау басқармасының жетекшісі- Жанназарова Нұргүл Алмасқызы
Қаумешов Бекзат Болатұлы
Отбасы –бірлігі Отанның бірлігі
Ақтөбе көлік,коммуникация және жаңа технология колледжінде Отбасы күні мерекесіне арналған «Отбасы бірлігі –Отанның бірлігі» атты дөңгелек үстел алқалы жиыны өтті.
Колледждің жоғары курс студенттері мен жас отбасылары қатысқан патриоттық шарада «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі: Ақылбек Сахиев, тарих пәні оқытушылары Айнагүл Тұрманова, Бекзат Қаумешов, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Жаңыл Тілеуқабылова психолог Гүлсім Сағидоллақызы қатысып мәні зор мағналы пікірлерімен бөлісті.
Қаумешов Бекзат Болатұлы
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий