Актюбинский колледж транспорта, коммуникаций и новых технологий
«Мұңмен алысқан адам»
«Тілдер» бірлестігі апталығында колледж оқытушылары «Мұңмен алысқан адам» атты драма ұсынды. Бұл пьеса ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында тағдыр тәлкегімен туған елден амалсыз жырақ кеткен қандастарымызға арналған. Қойылымды тамашалауға қаламыздағы колледж әріптестеріміз келді. Қойылым жоғары деңгейде өтті. Осы қойылымды жетекшілік еткен оқытушылар Г.С.Оразгалиева мен А.С.Султанова, сонымен қатар әрбір рөлді керемет сомдап шыққан ұстаздарға алғыс білдіреміз.
«Жігіт сұлтаны 2017»
Колледжімізде 25 сәуір күні Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастырылуымен «Жігіт сұлтаны 2017» сайысы өтті. Сайысқа 8 арлан жігіттеріміз қатысты. Сайыс барысында жігіттер өз өнерлерін ортаға салып, білек күштерін баршаға дәлелдеді. Нәтижесінде барлық сыннан мүдірмей, жеңіске Шынтемір Нұрлыбек жетті. Қазақ елінің өр рухты жігіттері көп болғай!
«Көңілді старт»
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр».
Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет. Бүгінгі өткізгелі отырған «Көңілді старт» сайысымызды соның бір негізі болып саналады.
Жүлделеріңіз құтты болсын!
Ізгі ниет, жақсы өнеге тозбасын!
Қымбатты студенттер жаманнан жирену, жақсыны үйрену сіздердің бойларыңызды бір сергітіп тастау және жан жақты тәрбиемен сусындатып салауатты өмір салтына баулуды қолдап отырған колледжіміздің кітапхана ұжымы осы шараны ұсынып отыр.
«Кәсіптік білім беру бағдары»
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінде 15 сәуір 2017 жылы «Кәсіптік білім беру бағдары» негізінде Ырғыз ауданының 9 класс оқушыларына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
«Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» бөлімі үгіт-насихат жұмысын жүргізу барысында бөлім меңгерушісі Мынауара Габдель-Нағымқызы Габдсаттарова таныстырылым барысында мектеп оқушыларын колледж тарихымен таныстырып, колледж студенттерінің әзірлеген мерекелік концертін тамашалауға шақырды.
«Живой Пушкин»
12 апреля в Актюбинской универсальной научной библиотеке имении С. Баишева прошел литературно-музыкальный вечер «Наш Пушкин», посвященный творчеству великого русского поэта А.С. Пушкина, проходящий в рамках Международной акции «Живой Пушкин».
Цель данного мероприятия – развитие межкультурного диалога и укрепление взаимопонимания между народами на основе золотого фонда русской литературы.
Студенты Актюбинского колледжа транспорта, коммуникаций и новых технологий активно приняли участия в данном вечере. Прочитали произведения казахских поэтов посвященные великому русскому поэту А.С. Пушкину, собственные сочинения.
Тулепова Г.Т.
«Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз»
Ақтөбе көлік коммуникация колледжінде «Құрылыс және байланыс» бөлімінің студенттері мен оқытушылар қатысуымен «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды өткізу арқылы жастарға біліммен қоса, дұрыс тәлім – тәрбие беріп, адалдыққа, патриоттық тәрбие беру.
Дөңгелек үстел барысында студенттерді «Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып саналғандықтан, оның алдын алу, болдырмау мақсатында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігін, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптің алдын–алу, болдырмау жөнінде жастардың санасына адамгершіліктен айыратын табыс табудың оңай түрінің соңы неге апаратындығын жете түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталғандығы туралы сөз етті.
Бөлім студенттері Серікбаева А «Жемқорлық дегеніміз не?» Мырзахметов Н. «Сыбайлас жемқорлықпен күресу», Бағытқалиев Н. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», Жалғасбай А. «Жемқорлық індет – жою міндет», Құрманбай Е. «Жемқорлықпен күресу - ортақ міндетіміз» атты баяндаларын оқып, өз ойларымен бөлісті. Шараға студенттер белсенді қатысып, тақырып аясында көкейінде жүрген сауалдарын қойып, арнайы бейне роликтер тамашалады.

Марапат
Канафин Нурлыбек Ғалымжанұлы Отан қорғаудағы және жастарға патриоттық тәрбие беру жолдағы ерекше еңбегі үшін Кеңес Одағының батыры Генерал Сабыр Рақымов медалімен және Альсуйеуов Оспанхан Сагидоллаевич «Армия генералы С.Х.Нұрмағамбетов» медалімен марапатталуымен құттықтаймыз.
«Жарқын өмір игілігі - жақсылық»
31.03.2017 жылы өзін-өзі тану пәні оқытушысы Камашева Жанылай Маратовна «Жарқын өмір игілігі - жақсылық» мейірімділік шарасын өткізді. Адамзат қоғамының осы уақытқа дейін ұлы құндылығының бірегейі – жақсылық демекші, сол жақсылық атаулының тамырына нәр беріп жүрген құтты құнар – қайырымдылық пен мейірімділіктің мәңгі жалғасуына себепші болып жүрген жүректері жақсылыққа жаралған жандар колледжімізге шақырылды.
Олар Ақтөбе қаласы сал ауруларын қолдау орталығынан директор орынбасары Сражова Гулмирам Аманжолқызы, проект координаттары Жұмағазиева Гаухар Қаршығақызы және бір топ волонтерлар мен көп балалы ана, балалар үйінен балалар асырап алған Жанганасова Сара Дамешқызы . Осы шараға колледж студенттері қатысып, өмірдің қатаң сынақтарына алынғандықтарына қарамастан, жан жақтарына жақсылық нұрын шашып жүрген жандардың өмірімен танысып, олардың ерліктерін бойларына сіңіріп, жүрекжарды өлең шумақтарын арнап ықыластарын білдірді.
«Төрлет, төрлет - Әз Наурыз!»
Колледжімізде 18 наурыз күні сағат 13.00-да колледж ұжымының қатысуымен Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Төрлет, төрлет - Әз Наурыз!» атты мерекелік кеш өткізілді. Ұлттық мерекемізде колледж оқытушылары мен қызметкерлері ауылдарға бөлініп өз өнерлері мен ұлттық ойындарымызды насихаттады. Наурыз көже, ұлттық тағамдардан дәм татып, салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында көріністер қойылды.
Copyright © 2012-2026 Актюбинский колледж Транспорта, Коммуникаций и Новых Технологий