Білім ордасына - Білім Ғылым Министрі

 

 

     Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде айтулы күн болды. Сексен екі жылдан астам тарихы бар, тамыры тұңғиыққа кенелген білім ордасына Білім Ғылым Министрі Сәрінжіпов Аслан Бакенұлы ат басын тіреді. Колледж ғимараттарын аралап, колледжіміздің тыныс тіршілігімен толықтай танысты. Оқу ордасының тәрбие жұмысы, оқу – әдістемелік жұмысы, колледж жетістіктері тағы да басқа көптеген жұмыстарды қарап өтті. Мәжіліс залында Сәрінжіпов Аслан Бакенұлы және облыс әкімінің орынбасары Нұрхатова Сара Қайыржанқызы және облыстық білім басқармасының басшысы Самұратова Жанат Бақытжанқызының қатысуымен өткен алқалы жиында колледжіміздің 1 курс студенті Амангелдин Қуанышбаяндама жасады. Баяндама барысында жастар Елбасы сенімін еселеп, Нұрлы жолдың жалғасы болар жастары екенін айқындады.

IMG 6361  IMG 6434

IMG 6378  IMG 6450

Осылай оқу ордамыздың айқынды күндерінің бірі осылайша өтті.

Журналист: Дастан А.Н.

 

 

 

«БІР ОТАН, БІР ТАҒДЫР, БІР ЕЛБАСЫ»

«БІР ОТАН, БІР ТАҒДЫР, БІР ЕЛБАСЫ»

Мақсаты:Тұңғыш Президент күні;мерекесінің мәнін ашу.Жас ұрпаққа Президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгеру және елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.Оқушыларды елінің нағыз азаматы, шынайы патриоты болуға тәрбиелеу, оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.

Қазір біз ел тарихында Елбасына деген құрметпенен Президент күнін белгілеп, ел болып мерекелеп жатқанымыз баршамызға белгілі. Қазақстан күнтізбесінде бұл күннің пайда болуы кездейсоқтық емес, ол біздің еліміздің толағай табыстарын, халқымызбен мемлекетіміздің тарихындағы ұлы бетбұрыстарды әйгілеген күн болды. Соған орай колледж қабырғасында 1желтоқсан – Президент күні мерекесіне арналған «Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы» атты патриоттық мерекелік шара өткізілді.

Кештің құрметті қонағы ретінде «Нұр Отан» Партиясы Ақтөбе облыстық филиалы, Партияның Сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі Сахиев Ақылбек Мырзажанұлы болып, өз ойын колледж жастарымен бөлісе білді.

 DSC0326   DSC0328

 DSC0329   DSC0346

 DSC0405

    Патриоттық мерекелік кеш жоспар  бойынша  өткізілді. Мазмұны  қойылған  мақсатына  сай  болды. 

Жауапты оқытушы: «Әлеуметтік пәндер» бірлестігінің жеткекшісі:

Сражов Байтұрсын Бекболатұлы

Жастар ісі жөніндегі комиттерінің республикалық слеті

Жастар ісі жөніндегі комиттерінің республикалық слеті

2014 жылдың 30-31 қазан күндері Ақтөбе қаласында жоғарғы және техникалық – кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жастар ісі жөнідегі комитеттерінің республикалық слеті ұйымдастырылды.

Слеттің мақсаты – жастардың қоғамдық қызметін жандандыру және олардың бәсекеге қабілетін арттыру. Слетке Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары оқу орындарының және Ақтөбе қаласындағы жоғарғы және арнаулы орта білім беретін білім ошақтарының жастар ісі жөніндегі комитеттерінің өкілдері қатысты.

IMG 5358 

Сондай – ақ 31.10.14ж күні слетқа қатысушылар оқу ордамыздың қонағы болды. Таңертеңнен бастау алған кездесу түске дейін жалғасын тапты. Алдымен конференция залында арнайы тренингтер өткізіліп, одан әрі спорт кешенінде ұйымдастырушылар тарапынан ұйымдастырылған «достық эстафетасымен» жалғасты. Арнайы қонақтарымыздың бірі Қазақстан Республикасы Білім Ғылым министрлігі жастар ісі жөніндегі комитет департаментінің басшысы Мажит Мақсат Бекболатұлы болды. Мақсат Бекболатұлы ұйымдастырылған шараларға қатысып, оқу ордамыздағы колледж музейіндегі тілек кітапшасына өз тілегін қалдырды.

 

Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі: Дастан А.Н

«Жас талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау»

«Жас талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау»


Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде 29.10.14ж күні «Қазақстан темір жолы» Ақтөбе филиалының бас ғимаратының мәжіліс залында жас талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау салтанатты шара өткізілді. Шараның басты мақсаты колледждімізге жаңадан қадам басқан жас талапкерлерді студенттер қатарына қабылай отырып, сапалы білім мен саналы тәрбие алуға жетелеу.

IMG 5164 

 

Салтанатты шарада жаңадан қабылданған топтардың басшылары колледж директорының қолынан сынақ кітапшаларын алды. Және колледжімізге жаңадан қабылдансада осы уақыт аралығында өздерін жан-жақты көрсете білген, колледжіміздің абыройын қалалық, облыстық, республикалық деңгейде қорғап келген оқу ордамызға осы оқу жылында қабылданған белсенді 5 студентіміз өз сынақ кітапшалары мен студенттік билеттерінен салтанатты түрде колледж директорының қолынан алды. Сонымен қатар салтанатты шараға колледжіміздің әлеуметтік серіктестері қатысып, студент атанған жастарымызға сәт сапар тіледі. Салтанатты шара барысында колледжіміздің жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенді өнерпаздары өз өнерлерін арнады.

 

Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі: Дастан А.Н


 

«Жас талант - 2014»

«Жас талант - 2014»

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен 17.10.14ж күні колледжге жаңадан қабылданған студенттер арасында «Жас талант - 2014» жыл сайынғы дәстүрлі сайысын өткізді. Сайыстың негізгі мақсаты жаңадан қабылданған студенттердің бойындағы таланттарын, шығармашылықтарын шыңдау.

IMG 0084 

 

Сайыс 3 жанр бойынша бағаланды. Ән жанры бойынша, би жанры және жүргізушілер бағыты бойынша бойынша бағаланды. Сайысты әр жанр бойынша өз төрелігін білетін әділ қазылар алқасы бағалады.

 

Сайыс соңында қатысушыларға деңгейлі орындар анықталып, колледж директорының грамотасы жне бағалы сыйлықтар табысталды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін мұндай байқаудың жастарымызға берер маңызы өте зор.

Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі: Дастан А.Н

 

 

Жас талапкерлерді жаңа оқу жылымен құттықтау

Жас талапкерлерді жаңа оқу жылымен құттықтау.

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі 1-қыркүйек білім күніне орай колледжімізге қабылданған жас талапкерлерге арнап «Қазақстан - 2050» Бір ел, бір тағдыр, бір халық» атты салтанатты шарасын өткізді. Шараның мақсаты жаңадан қабылданған жас талапкерлерімізді құттықтап, жаңа оқу жылында жаңашыл табыстар тілеу.Колледж басшылығы өз тілектерін білдіріп, мерекелік ән шашуларын арналды.

IMG 1635 

 

Журналист: Дастан А.Н.

Рәміздерім - мақтанышым

 

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студенттері Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеу аясында «Рәміздерім - мақтанышым» акциясын ұйымдастырды. Акция барысында ән ұранымыздың шырқалып,көк аспанмен түстес көк байрағымыздың желбіреп тұруы барша акция қатысушылары үшін рухты сәт болды..

 

Мемлекеттің елдігін танытатын, отаншылдық пен патриоттық рухты оятатын, әр жүректе мақтаныш сезімін тудыратын нышандар өз дәрежесінде көрініс тауып отыр.
Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән - мағынасы бар. Олимпиада ойындарындағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі әрбір азамат үшін зор мақтаныш.

 

Осы акция барысында колледж студенттері бостандықтың, бейбітшіліктің белгісі ақ көгершіндерді көк аспанға ұшырды. Көк аспанымызда қалықтай ұшқан ақ көгершіндеріміз арқылы жастарымызға еліміздің Мемлекеттік Рәміздерін қастерлеп, мақтан тұту, көкке көтеру барша Қазақстандық азаматтардың борышы екендігін көрсету.

 

 

Мемлекеттік Рәміздер - бұл біздің мақтанышымыз!

 

Журналист: Дастан Ақерке

 

Жүректен жүрекке

«Жүректен жүрекке»


Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің әкімшілігі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Хромтау отбасы үлгісіндегі балалар үйіне қол ұшын берді. Ата – ананың қамқорынсыз қалған балаларды бір шаңырақ астына жинаған балалар үйінде жайлылықты көргенде бәріміздің жүрегімізді қуанта түсті. Колледж ұжымы балалар үйіне балалар уақытын тиімді әрі көңілді өткізсін деп «жазғы ойын алаңын» тарту етті. Бұндай сыйлықты көргенде балалар қуанышты лебіздерін көздеріндегі қуаныш арқылы сезіндік.

 

 

 

Журналист: Дастан Ақерке

 

Ер есімі ел есінде

Ер есімі ел есінде

Міне Ұлы Отан соғысының жеңіспен біткеніне биыл 69 жыл толып отыр.Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік.

09.05.2014ж күні сол қанды қырғын майданда мерт болған батырларымызды еске алып, тағзым алаңына колледж студенттері гүл шоқтарын қойды.

Біздер үшін, елі үшін жанын қиған қас батырларымыздың ерлігі мәңгі жадымызда сақталады.

  

Журналист: Дастан Ақерке

Страница 9 из 12